Жаңалықтар

16-04-2012 г.

2012 жылдың 15 сәуірі мен 1 мамыры аралығында Израиль мемлекетінің Тель-Авив қаласына «№1 қалалық аурухана» ШЖҚ МҚК, «Онкологиялық диспансер» МКҚК, «№2 қалалық аурухана» МКҚК келесі дәрігерлері: «Эндоскопиялық және лапароскопиялық урология» тақырыбы бойынша «Сураски» медициналық орталығына 2 уролог дәрігер Е.Искаков пен Ю.Пак, және «Бас және мойын хирургиясы» атты тақырыпта «Сомет» клиникасына отоларинголог дәрігер Т.Жильгельдинов пен хирург-онколог С.Пакизеев оқуға жіберіледі.

25-02-2012 ж.

2012 жылдың 21 ақпаны мен 16 наурызы аралығында Астана қаласының «Оқу-клиникалық орталығы» ЖШС базасында орта медицина қызметкерлеріне арналған Новосібір мемлекеттік медицина университетінің  «Медбике ісіндегі менеджмент» атты барып-келу циклы өтеді.

12-12-2011 ж.

2011 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай, Астана қаласы әкімдігінде қала дамуына зор үлесін қосқан тұлғаларға Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған салтанатты медальмен марапаттау өтті.

07-12-2011 ж.

2011 жылдың 07-09 желтоқсаны аралығында Қазақстан-Корея ынтымақтастығы аясында «Онкологиялық диспансер» МКҚК базасында Сеул Ұлттық Университеті Ауруханасының профессорларының қатысуымен «Асқазан обыры» тақырыбындағы шеберлік классы өтеді.


01-12-2011 ж.

Қазақстан-Корея бағдарламасы аясында 2011 жылдың 21 қарашасы мен 16 желтоқсаны аралығындағы мерзімге «Онкологиялық орталық» МКҚК үш онколог-дәрігері, №1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі А.К. Дигайды, №2 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Е.М. Шаяхметовті және хирург-онколог дәрігер М.С. Маулетбаевті Сеул Ұлттық Университетінің Ауруханасына біліктілікті арттыру курстарына жіберілді. Курстың негізгі мақсаттары  Кореядағы обыр ауруларын алдын алу, сонымен қатар, сүт безі обыры мен асқазан жолы обырын емдеу тәсілдерін зерттеу, эндоскопиялық емдеу әдіс-тәсілдерін үйрену болып табылады. Машықтанған дәрігерлер аталған дағдыларды қолданысқа кіргізіп, жаңа лапароскопиялық технологияларды ендірңп, обырды емдеу сапасын арттыратын болады.

30-11-2011 ж.

Қазақстан-Корея бағдарламасы аясында Оңтүстік Корея Университетінің Анам ауруханасына «№2 Қалалық аурухана» МҚКК Торакальдық хирургия бөлімінің меңгерушісі, торакальдық хирург Қ. Джаркеев сынаққа жолданды. Сынақтың басты мақсаттары, атап айтқанда, кореялық дәрігерлердің торакальдық хирургия саласындағы жетістіктерін зерттеп тану, торакоскопиялық әдістер мен кеуде мүшелерінің патологиясы жағдайларындағы эндовидеохирургияны үйрену, оперативтік қатысудың мөлшерін ұлғайту, кеуде мүшелері ауруларын емдеудегі жоғары мамандандырылған көмек көрсету көлемін үлкейту болып табылады.

 

23-11-2011 ж.

2011 жылдың қараша айының 07-26 жұлдыздары аралығында Астана қаласының №2 Балалар Емханасының базасында «Перинадалдық неврология» тақырыбында біліктілік арттыру курстары өтті.

21-11-2011 ж.

2011 жылдың 16-18 қараша аралығында жетекші акушер-гинеколог, Women Medi Park Оңтүстік Корея клиникасының бас дәрігері, профессор Ё Джун Гю «Лапароскопиялық гинекология» атты тақырыпта астаналық дәрігерлер үшін мастер-класс өткізуде.

13-10-11 ж.

2011жылдың 13 мен 15 қазан аралығында Астана қаласының «№2 Қалалық аурухана» МҚКК базасында Израильдың басқарушы урологтары  M.D. проф. Ави Бери және м.ғ.д. проф. Юза Хенның (Израиль, Тель-Авив қ-сы) «Лапароскопиялық урология» тақрыбына астаналық дәрігерлер үшін мастер-классы өткізілді.

19-09-2011 ж.

2011 жылдың 19 қыркүйегінен 3 қазан аралығында Оқу клиникалық орталығы базасында Германияның Йоахим Мелера және Гизела Гериш  аға эксперттері қорынан «Өмірді - ілгері жылжытылған педиатриялық қолдау (PALS)», «Германиядағы медбике ісінің менеджменті және маркетингі»  бағдарламасы бойынша астаналық медициналық қызметкерлерге оқытуды өткізу жоспарланып отыр.

10-09-2011 ж.

2011 жылдың 5 қыркүйегінен 10 қыркүйегі аралығында Астана қаласында «Біліктілікті жетілдіру институты» ФГУ ДПО профессор М.В.Медведьевтің (Ресей, Мәскеу қ.) қатысуымен «Пренаталды диагностиканың өзекті мәселелері» тақырыбында көшпелі циклы өтті.

05-07-2011 ж.

2011 жылдың 5 шілдесі мен 12 шілдесі аралығында Астана қаласында Донецк ұлтық универтситетінің №1 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, Украиндық Панркеатологтар клубының президенті м.ғ.д. профессор Н.Б.Губергрицтің «Панкреатологияның өзекті сұрақтары» тақырыбында мастер-класс өткізіледі.

 

 


<8 7 6 5 4 3 2 1>